Блог және автор туралы

Сәлем!

Менің аты-жөнім Елдар Құдайбергенов. Подкастингпен айналысамын. Алматы өңірінің тумасымын, қазір Астанада тұрамын. Үйленгенмін, әйелім екеуіміз бір қыз тәрбиелеп отырмыз.

Елдар Құдайбергенов

Бұл менің жеке блогым. Мен үшін блог жай ғана сайт емес. Осыған дейін ашқан блогтарымның бірдеңесі ұнаса, басқасы ұнамайтын. Сөйтіп ашылған блог солайымен жабыла беретін. Әрине әр кезде ойлайсың «осы жолы бәрі ерекше болады, блогымды тұрақты түрде, тиянақты жүргізіп отырам» деп. Осы жолы да сондай оймен мына мәтінді жазып отырмын. Бұйырсын дейік 🙂

Блогымда пікір қалдыру қызметін өшірдім. Ол жерге көп спам келеді. Егер менімен хабарласу керек болса ең керемет жолы mail@yeldar.org деген мекен-жайға электронды хат жазу.